(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ...
Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін ресімдеуге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 Қаулысы
(2015.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2013.26.04. № 110 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.20.10. № 197 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2013.26.04. № 110 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.20.10. № 197 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін ресімдеуге қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар);
Редакция документа
Демо – версия документа