(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 875 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» деген бөлімінің «5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген кіші бөлімі 5.2.2-тармағының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы бөліктері және 5.2.3-тармағының екінші, он төртінші және он бесінші бөліктері қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 қарашадағы
№ 875 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 59-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Қарағанды облысы.
6. Ақмола облысы.».
Редакция документа
Демо – версия документа