«Тұрақтандыру банкінің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшерін, Тұрақтандыру банкін құру, оның жарғылық және меншікті капиталдарын қалыптастыру, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 11 Қаулысы
Тұрақтандыру банкінің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшерін, Тұрақтандыру банкін құру, оның жарғылық және меншікті капиталдарын қалыптастыру, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 11 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрақтандыру банкінің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Тұрақтандыру банкін құру, оның жарғылық және меншікті капиталдарын қалыптастыру, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу қағидалары бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Демо – версия документа