Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 34 бұйрығы

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 34 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Ұлттық экономика министрі

 

Р. Дәленов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2019 жылғы 4 мамырдағы

№ 34 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының

 тізбесі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку