«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығы (2021.13.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығы
(2021.13.05. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.13.05. № 159 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) деректер банкі - Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) енгізілген сорттарға және Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген сорттарға бөле отырып, патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ өткізілген сорттардың паспорттық деректерінің жинағы;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуді қарастыру жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі - Сараптама кеңесі) - мемлекеттік сынау және селекциялық жетістіктерді қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында құрылған Мемлекеттік комиссияның кеңес органы;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтінім беруші - селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінім және (немесе) селекциялық жетiстiкті Мемлекеттік тізілімге енгізуге арналған өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа