(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға ұсыну туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердің мемлекеттiк тiзіліміне сортты қосу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшiрмесi не Мемкомиссияның сортты одан әрi сынақтан алу негiздемесi бар қағаз жеткізгіштегі қорытындысы.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемкомиссияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен материалдар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетiстiктi шаруашылыққа жарамдылығын сынауға арналған өтiнiш, екі данада;
Редакция документа
Демо – версия документа