«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығына 3-қосымша) (2019.05.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.05.08. № 288 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 159 бұйрығымен күші жойылды
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.05.08. берілген өзгерістермен)
1. «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезiнде Мемкомиссияға құжаттар тапсырған күннен бастап - бiр жылға дейiн;
мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезінде танаптық тәжірибелер жүргізген күннен бастап:
дәнді, дәнді-бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, көкөніс, бақша дақылдары, гүлді-сәндік дақылдар және картоп бойынша - 3 жылға дейін;
азықтық дақылдар бойынша - 6 жылға дейін;
жеміс, ағаш, жидек дақылдары және жүзім бойынша - 12 жылға дейін;
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;
Документ утратил силу
Демо – версия документа