(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2009.27.08 № 117 БҰЙРЫҒЫ
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 117 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттеу туралы куәліктің шығарылуын қоса беріліп отырған нысанға сәйкес қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Р. Түсіпбеков |
Әділет министрінің
2009 жылғы 27 тамыздағы
№ 117 бұйрығымен бекітілді
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеу туралы
куәліктің нысаны
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік мешік құқығы комитеті 20__ж. «__» ______ № ____ | Герб РК | Министерство юстиции Республики Казахстан Комитет по правам интеллектуальной собственности «__» ______ 20__г. № ____ |
Редакция документа
Демо – версия документа