(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРIНIҢ КЕЙБIР БҰЙ...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 249 бұйрығы
(2025.17.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 5 наурыздағы
№ 249 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. ҚР Қаржы министрінің 2025.18.04. № 179 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. ҚР Қаржы министрінің 2025.29.04. № 209 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16261 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа