(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТАРДЫҢ «А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК Қ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы
(2017.01.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидалары;
3) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру қағидалары;
4) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 151
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы
біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын осы арнайы біліктілік талаптары (бұдан әрі - Арнайы біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
2. Арнайы біліктілік талаптары:
1) білімі бойынша талаптарды;
2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды;
3) кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды қамтиды.
ҚР Президентінің 2017.05.04. № 456 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары мынадай санаттарға бөлінеді:
Редакция документа
Демо – версия документа