Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.06.02 № 122 ҚАУЛЫСЫ

Қарағанды облысының жекелеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 122 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және Қазақстанның ерекше қорғауды талап ететін бірегей табиғи объектілері ретінде Қарағанды облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экожүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қу ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 14581 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан алынсын.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері мен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағындағы жалпы алаңы 7216 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) тұрақты жер пайдалануға берілсін.

Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және орман қорының жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» қорғаныш санатына жатқызылсын.

3. Қарағанды облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме жерлері төңірегінде күзет аймағын белгілеп, онда осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жағдайына және қалпына келуіне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку