«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына 2-қосымша) (2018.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2018.19.12. № 1601 бұйрығымен (бұр.ред.қара) регламент жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 300 бұйрығына
2-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште:
міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
берілген куәліктерге қатысты жоғалған куәліктердің орнына жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы;
2) портал арқылы «екінші деңгейдегі банктер» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЕДБ АЖ) және электрондық нысандағы жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа