«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлдігiн тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 2-қосымша) (2019.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет Министрінің 2016.27.01. № 41 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.23.11. № 1550 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 246 бұйрығына 2-қосымша
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлдігiн тiркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1 тарау. Жалпы ережелер
1. «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлгiн тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы.
2 тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
мемлекеттік қызмет екі жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.
2) «Екінші деңгейдегі банктердің» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - ЕДБ АЖ) арқылы жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа