(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МIНДЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУГЕ ЖАТПАЙТЫН ЖЫЛЖЫМАЛЫ М...
Осы редакция 2018 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет Министрінің 2016.27.01. № 41 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 246 бұйрығына 2-қосымша
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлдігiн тiркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.05.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлгiн тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
мемлекеттік қызмет екі жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.
Редакция документа
Демо – версия документа