(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБIР ШЕШIМДЕРIН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 110 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 4 наурыздағы
№ 110 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының санын білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне жеткізуді;
2) экономикалық орындылығына қарай және жалпы білім беретін оқу орындары жоқ ауылдық елді мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келісіміне сүйене отырып, мектеп-интернаттардан, мектеп жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы білім беретін мектептерге дейін және кері күнделікті тегін тасу жолымен азаматтардың тегін мектепалды және орта білім (мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) алуын қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Әрбір облыста:
Редакция документа
Демо – версия документа