Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 345 Қаулысы

 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 345 Қаулысы

 

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (бір жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Жетісу облысының әкімдігімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2023 жылғы 2 мамырдағы

№ 345 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтыру

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку