«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпарат және жағдайларды талдау жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 850 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпарат және жағдайларды талдау жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 850 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпарат және жағдайларды талдау жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) таратылатын кәсіпорын кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Демо – версия документа