(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗА...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы
(2017.05.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қыркүйектің 7-і.
№ 149
Президентінің
2011 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 149 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
ЕРЕЖЕ
Осы ереже Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттіктерін, сондай-ақ оның мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының ұйымдастырылу ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу тәртібін айқындайды.
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - Ассамблея) - заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме болып табылады.
2. Ассамблея қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ассамблея қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері
Редакция документа
Демо – версия документа