Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 903 Қаулысы

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 903 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу шартымен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімі 2052 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылсын.

2. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 29 қазандағы

№ 903 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 6 қазандағы

№ 624 қаулысымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку