«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 10-ө өкімі
«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 10-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңыніске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі(бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 31 қаңтардағы
№ 10-ө өкімімен
бекітілген
«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Құқықтық актілердің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ АКМ ИИДМ | 2019 жылғы ақпан | С.М. Жұманғарин Д.Ш. Тұяқов Р.В. Скляр |
2. | Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2019 жылғы наурыз | С.М. Жұманғарин |
3. | Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы | АКМ | 2019 жылғы наурыз | Д.Ш. Тұяқов |
Демо – версия документа