«Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығы
«Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрығымен бекітілген Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерінде:
7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«
7. | Таскөмір; таскөмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері** | 2701 | 3 000 тонна |
8. | Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір** | 2702 | 3 000 тонна |
»;
мынадай белгісімен:
«* - көрсетілген тізбе астықтың мемлекеттік ресурсына қолданылмайды.» деген жол мынадай радакцияда жазылсын:
«* - көрсетілген тізбе астықтың мемлекеттік ресурсына қолданылмайды;»;
мынадай радакцияда жолмен толықтырылсын:
«** - коммуналдық заңды тұлғалар сатып алу үшін.».
Демо – версия документа