«Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығы (2023.26.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығы
(2023.26.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа күші жойылды деп тану туралы ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 20 наурыздағы № 116-НҚ бұйрығын қараңыз (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2019.23.08. № 24 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2019.23.08. № 24 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдар және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің міндеттерін атқарушы
А. Рау
2015 жылғы 4 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
А. Мамытбеков
2015 жылғы 2 наурыз
Демо – версия документа