«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банктік шоттарды ашу және жүргізу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 44 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банктік шоттарды ашу және жүргізу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 44 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының банктік шоттарды ашу және жүргізу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа