(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНIМДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНАН ТЫС ЖЕРД...
Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығы
(2020.12.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.12.05. № 281 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 17) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Редакция документа
Демо – версия документа