Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 255 Қаулысы

«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 255 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) құрылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) серіктестік жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқығын беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы 11 мамырдағы

№ 255 қаулысына

қосымша

 

 

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің жарғылық капиталын төлеуге берілетін мүліктің

тізбесі

 

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

БҚ бар жұмыс станциялары (ОЖ+MS Offise)

дана

2

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы 11 мамырдағы

№ 255 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

 өзгеріс пен толықтырулар

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку