«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 409 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 409 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің аумақтық органдары:
1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгі туралы ережеде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;»;
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3) және 14-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) мұнай және газ саласында лицензиялауды немесе рұқсат ету рәсімдерін жүзеге асырады;
14-2) рұқсат ету бақылауын жүзеге асырады;
14-3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
14-4) мұнай операцияларын жүргізу және мұнайды тасымалдау саласындағы адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелдерін талдау және бағалау жүргізеді;»;
Демо – версия документа