Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 615 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 шілде

 

№ 615

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2021 жылғы 2 шілдедегі

№ 615 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін

өзгерістер

 

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:

29-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының (бұдан әрі - Президент Протоколы)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі (бұдан әрі - Президенттің Протокол қызметі)» деген сөздермен ауыстырылсын;

33-тармақтағы «Президент Протоколы» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

65-тармақтағы «Президент Протоколының» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

92-тармақтағы «протоколы» деген сөз «Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

95-тармақтағы «Президент протоколы» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«111. Шетелдік мемлекетке сапарды ұйымдастыру үшін онда құрамына Президенттің Протокол қызметінің, Президенттің Баспасөз қызметінің, Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Президенттің Іс басқармасының, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку