(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛIК Қ...
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 11 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне құрылатын қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 86550000 (сексен алты миллион бес жүз елу мың) теңге бөлінсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiмен бірлесіп қоғамның жарғысын әзірлеуді және бекiтудi және оның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін қоғамның директорлар кеңесінің құрамына сайлануын;
3) қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне берудi;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекiтiлсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 15 қаңтардағы
№ 11 қаулысына
қосымша
Редакция документа
Демо – версия документа