«Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-143 бұйрығы
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-143 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына және 16-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | Т. Султангазиев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Демо – версия документа