(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕЙБІР ...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 253 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. ТІЖ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 176-бабында көзделген мынадай мерзімдерде ресімделеді:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту кезінде - тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталғаннан кеш емес;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде:
ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан - кедендік тазарту жүргізілген тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталғаннан кеш емес;
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейінгі;
Редакция документа
Демо – версия документа