«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде ISO 20022 халықаралық стандартын қолдануға көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 105 Қаулысы (2024.30.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде ISO 20022 халықаралық стандартын қолдануға көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 105 Қаулысы
(2024.30.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде ISO 20022 халықаралық стандартын қолдануға көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2024.28.06. № 33 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы 2024 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Демо – версия документа