«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 455 Қаулысы (2022.01.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 455 Қаулысы
(2022.01.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 24 шілдедегі
№ 455 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2022.02.06. № 355 Қаулысымен күші жойылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2022.02.06. № 355 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 316-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Мемлекеттік органдарға келісуге енгізілетін, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған қаулы жобалары мыналарды қамтуға тиіс:
1) Үкімет қаулысының жобасы;
2) көлемі 3 (үш) парақтан, ал күрделі мәселелер бойынша 5 (бес) парақтан аспайтын, Премьер-Министрдің атына ресімделген және мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі қол қойған түсіндірме жазба, онда мәселенің нысанасы, әлеуметтік-экономикалық және қажет болған кезде саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудан күтілетін салдар болжамы толық баяндалады. Бұдан басқа түсіндірме жазба мынадай негізгі мәліметтерді қамтуға тиіс:
Документ утратил силу
Демо – версия документа