(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2014.26.09 № 417 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық:
1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап енетін Ереженің 15-тармағы 2), 28), 29) тармақшаларын, 16-тармағының 125), 127), 131) тармақшаларын;
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйелерін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап енетін Ереженің 16-тармағы 28), 29), 30), 50), 94) тармақшаларын, 17-тармағының 19), 20) тармақшаларын қоспағанда мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 417 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы
ереже
Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа