(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРТАЛЫҚ ДЕПОЗИТАРИЙ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ ТІЗБЕСІН, НЫСАНДА...
Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 118 Қаулысы
Осы редакция 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық депозитарий есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есептің нысаны және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есептің нысаны;
4) тармақша 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданылады
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес акцияларды ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны;
5) тармақша 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Орталық депозитарийдің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын - осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың онынан кешіктірмейтін мерзімде;
2) тармақша 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданылады
2) ай сайын - осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде;
Редакция документа
Демо – версия документа