(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨСIМДIКТЕРIН СҰРЫПТЫҚ СЫНАҚТАН ӨТК...
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығы
(2017.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары бекітілсін.
2. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5651 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2009 жылғы № 7) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Б. Имашев
Редакция документа
Демо – версия документа