(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫ...
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 Қаулысы
(2021.08.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2021.09.01. № 2 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.09.01. № 2 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2021.09.01. № 2 Қаулысымен қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 859 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа