(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІК ӘУЕМЕН ТАСЫМАЛДА...
Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 болып тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылы 9 қараша № 461-468 (26311) жарияланған);
2) «Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 25 қазандағы № 634 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7294 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылы 9 желтоқсанда № 182 (1998) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Редакция документа
Демо – версия документа