Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 567 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 567 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «ТарУ» КеАҚ) және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «ҚазҰСШИУ» КеАҚ) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. «ТарУ» КеАҚ және «ҚазҰСШИУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім саласындағы білім беру қызметтерін көрсету, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 16 шiлдедегi

№ 567 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:

«Жамбыл облысы» деген бөлімде:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку