(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ НОРМАТИВТЕРДІ ЖӘНЕ ИПОТЕКАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ...
Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оларды орындау туралы есептілігінің тізбесін, нысандары мен табыс ету қағидаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 Қаулысы
(2021.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ипотекалық ұйымдардың және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілігінің тізбесі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
Редакция документа
Демо – версия документа