Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МОНИТОРИНГТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ МӘЛІМЕТТЕРДІ...

Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидаларын және нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңның 5-бабы 5-1) тармақшысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрінің

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 140 бұйырығына

1-қосымша

 

 

Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 5-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және темекі бұйымдарының өндірісін жүзеге асыратын және мониторингке жататын тұлғалар үшін мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) табыс етудің мерзімі және тәртібін айқындайды.

2. Мәліметтерді темекі бұйымдарының өндірісін жүзеге асыратын тұлғалар тиісті мемлекеттік кіріс органына тапсырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку