(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЭКОНОМИКАНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ М...
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы
2003 жылғы 4 қарашадағы № 490-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар)
2-тарау. Меншіктің мемлекеттік мониторингі (6-11 баптар)
3-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (12-15 баптар)
органдарының меншіктің мемлекеттік мониторингі
саласындағы құзыреті
4-тарау. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізуді ұйымдастыру (16-20 баптар)
5-тарау. Қорытынды ережелер (21-22 баптар)
Осы Заң экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ оны жүргізудің негіздері мен талаптарын айқындайды.
2009.12.02. № 131-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басқару тиімділігі - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті басқару мақсаттары мен нәтижелері арасындағы арақатынасты сипататйтын көрсеткіштер;
2) меншікті басқару - меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттіктерін жүзеге асыру;
3) меншіктің мемлекеттік мониторингі - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншік объектілерінің меншік құрылымы мен басқару тиімділігінің жай-күйін бақылау, ақпарат жинау, талдау, бағалау және болжау;
Редакция документа
Демо – версия документа