Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ КАДР...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы

(2018.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саяатты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі-Ұлттық комиссия) құрылсын.

ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қосаберіліп отырған:

1) Ұлттық комиссия туралы ереже;

2) Ұлттық комиссияның лауазымдық құрамы;

3) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже);

4) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамы (бұдан әрі - Үлгілік құрам) бекітілсін.

ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларын құрсын, олардың ережесі мен құрамын осы Жарлықпен бекітілген Үлгілік ережеге және Үлгілік құрамға сәйкес бекітсін.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Президенті Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку