(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКТЕР, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЕЙРЕЗИДЕНТ БАНКТЕР...
Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 Қаулысы
(2020.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.30.11. № 139 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.30.11. № 139 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.30.11. № 139 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Редакция документа
Демо – версия документа