Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.05.08 № 893 ҚАУЛЫСЫ

Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 893 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығын қараңыз

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 50) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 274-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 820 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 384-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтары алып тасталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 5 тамыздағы

№ 893 қаулысымен

бекітілген

 

 

Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын
біліктілік талаптары

 

1. Жалпы ережелер

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку