(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ОБЪЕКТІЛЕРІ...
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті (А.С. Соспанова):
1) осы бұйрықты облыс әкімдіктерінің, жүйелік оператордың және энергия беруші ұйымдардың назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Қ. Бозымбаев |
Энергетика министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру
жоспары
№ | Облысы, ауданы, орналасқан жері | Жиынтық қуаты, МВт | ЖЭК пайдалану объектісінің түрі |
Солтүстік аймақ | |||
Ақмола облысы | |||
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бұлақсай ауыл округі | 100 | Жел электр станциясы | |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының маңы | 99,95 | Жел электр станциялары | |
Ақмола облысы, Целиноград ауданы | 0,75 | Жел электр станциясы | |
Ақмола облысы, Целиноград ауданы | 100 | Күн электр станциясы | |
Ақтөбе облысы | |||
Ақтөбе облысы Мартұқ ауданы | 0,45 | Жел электр станциясы | |
Шығыс-Қазақстан облысы | |||
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Тайынты ауылы | 24 | Жел электр станциясы | |
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Шар қаласының ауданы | 37,5 | Жел электр станциясы | |
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы | 30 | Күн электр станциясы | |
Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Тұрғысын өзенінде | 24,9 | Су электр станциясы | |
Шығыс Қазақстан облысы, Громотуха өзенінде | 11,775 | Су электр станциясы |
Редакция документа
Демо – версия документа