Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 468 Қаулысы

 

Осы редакция 2021 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

1) «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 566-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық субсидия беру қағидаларында:

2-тармақтың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) инвестициялық субсидия - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестициялардың жүзеге асырылуын көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарымсыз негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидияның түрі;»;

«4) инвестициялық субсидия берілетін инвестициялық басым жоба -заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің (фабрика, зауыт, цех) құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық жоба;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Инвестициялық субсидия инвестициялық басым жоба бойынша мынадай шарттар сақталған кезде беріледі:

1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы алушы болып табылады;

2) заңды тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген (жаңа өндірістерді құру бойынша) мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асырады;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку