(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ІШКІ ВАЛЮТА НАРЫҒЫНДА ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫНА СҰРАНЫС ПЕН ...
Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 221 Қаулысы
(2015.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Уәкілетті банктердің ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздері бойынша есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2005 жылғы 29 қазандағы № 135 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3960 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Уәкілетті банктердің ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздері бойынша есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2005 жылғы 29 қазандағы № 135 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 26 шілдедегі № 64 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6446 тіркелген).
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі
Төраға Ә.А. Смайылов
2012 жылғы 21 тамыз
Редакция документа
Демо – версия документа