«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қазандағы № 876 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қазандағы № 876 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. |
А. Муканова |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Әділет министрінің м.а.
2022 жылғы 21 қазандағы
№ 876 бұйрықпен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін
1. «Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17322 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) Аттестаттау комиссиясы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестаттау комиссиясы;
Демо – версия документа