«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына ұшу жарамдылығын сақтау саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына ұшу жарамдылығын сақтау саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшу жарамдылығын сақтау саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшу жарамдылығын
сақтау саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
Демо – версия документа