(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы
(2023.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 3 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2023.03.04. № 166 Жарлығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 8-тармағына сәйкес сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2022.17.11. № 1074 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымы;
4) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құрылымы;
5) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтарының тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен);
6) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Редакция документа
Демо – версия документа